Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Ал, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Елордаға Қазақстанның тұңғыш президентінің есімін берейік» дегендер табылып жатыр. Оны 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан бір топ белсенділер білдіріп отыр.
--Халыққа жасаған ұлан-ғайыр қызметі үшін Астананы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атағанымыз дұрыс. Бұл ұсыныс мәжілісте тіркеліп қойылды, қазір Мәдениет және ақпарат министрлігінде қарауға жолданды. Қаланың атын «Нұрұлтан» дегеніміз қалай болар екен, өйткені Нұрұлтандар көп, мәселен менің ұлымның да есімі Нұрсұлтан. Бәлкім «Назарбаев» деп атармыз, әзірге білеймін,--деді «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Төлеген Әлжан.
Оның ойынша, Елорданың жаңа атауын халық референдум арқылы шешу керек. Олар осы жөніндегі ұсыныстарын Үкіметке 28 қарашада жолдап қойған көрінеді. Бірақ әзірге жауап жоқ.
Біздің білуімізше, Елордаға «Астана» деген атауды берген мемлекет басшысының өзі еді. Астана сөзінің әлдебіреулерге неге ұнамай қала беретіні түсініксіз. Естеріңізде болса, бір топ депутаттар бұған дейін де Астананы «Нұрсұлтан» деп атайық деген ұсыныс білдірген. Бірақ Елбасы ұсынысты қолдамады.
Мұрағаттан, 13.12.2012 ж