Қуандық Рахымның туған ағасы көз жұмды
Отандық эстрада жұлдызы, әнші Қуандық Рақымның ағасы қайтыс болды. Суық хабар туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында өзі жазды деп хабарлайды Oinet.kz
"Аға едің көңілің жарқын-ақ, Адалдығыңмен арқырап. "Інім"- деп құшақ жайғанда, Қабағың неткен жарқын-ақ... Дұға тілеп қойыңыздар, жанашырлар. Бір-біріміздің қадірімізді біліп жүрейік, бар айтайын дегенім", - деп жазды әнші желіде.
Бұны көрген желі оқырмандары Қуандық пен оның жанұясына көңіл айтты.
"Иманды болсын", "Қайғыңа ортақпын, Қуандық бауырым. Иманы салауат болғай", "Жаны жаннатта болсын", "Қайырлы болсын. Алла алдынан жарылқасын" деді олар.
Тыңдармандардың пікірінше, қайтыс болған азамат Қуандықтың туған ағасы болып табылады.
Айта кетейік, әнші 2017 жылы "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында жанұясы туралы айтып берген.
"Мен Сатбаев қаласының тумасымын. 1992 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келдім. Өнерлі отбасынан шықтым. Анам кезінде Жезқазған өңірінің белді әншісі болды. Бойымдағы әншілік қабілет нағашы жақтан дарыды десем де болады. Үйде төрт ағайындымыз. Бәріміз де өнерден құр алақан емеспіз", - деген Қуандық Рақым.