Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 11-12-2019 2702

Белгілі ақын Қалқаман Сарин енді Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімін басқаратын болады. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Nur.kz-ге сілтеме берген Oinet.kz

Қалқаман Сарин.jpg

"Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімін басқару міндеті белгілі ақын, "Дарын" мемлекетік жастар сыйлығының лауреаты, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Қалқаман Саринге жүктелді. Дарынды жерлесімізге жаңа қызметте мол табыс тілеймін!", - деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, Қалқаман Сарин 1998 жылы Евразия ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Ол 2014 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанды.

Белгілі ақын еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған.

2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және  ректордың кеңесшісі болып еңбек етті.

2018-2019 жылдары "Шалқар" ұлттық радиосының директоры болды.

Айта кетейік, жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген.

Ол - халықаралық "Шабыт" фестивалінің, Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы қоры сыйлығының, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Алтын қалам" әдеби сыйлығының жеңімпазы.

Қуандық Рахымның туған ағасы көз жұмды
«Оралман» атауы заңды түрде өзгерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу