Адалдық - әділдіктен басталады
Бүгін «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге жобалық кеңсенің менеджерлері Е.Тұңғышбаев пен М.Халжігіт, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әділбаева және «Әбубәкір» мешітінің имамы Дәуіт ұстаз және кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Байбосынов, ұстаздар мен студенттер қатысты.
Іс шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты өнегелі іске шақыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік саясатын түсіндіру.
Жиын барысында жобалық кеңсе қызметкерлері жастарды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баяндамалар жасалды.
Сонды-ақ, кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында «Білім саласына» артылар сенім жоғары екені және әлеуметтік дерттің кез - келген көрінісіне тосқауыл қою керектігі айтылды.
Кездесу соңында жастар жобалық кеңсе мамандары мен дін өкіліне сұрақтар қойып, пікір алмасты.