Тоқаевтың Қырым туралы сөзінен кейін Украинаның СІМ Қазақстан елшісін шақырды

Oinet.kz 06-12-2019 904

Қазақстан президентінің Қырымдағы жағдайға қатысты айтқан резонансты пікірінен соң Украиның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаевпен кездесу өткізді деп хабарлайды Nur.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

Тоқаев.jpg

Екі тарап өкілдері Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қандай жағдайда екенін талқылаған.

Сондай-ақ мелекеттердің халықаралық ұйымдардағы өзара әрекеті талқыланды делінген украиналық СІМ-нің ресми сайтында.

Хабарламада қазақстандық көшбасшының Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында айтылған Қазақстанның Қырымдағы ахуалға қатысты ұстанымына украин тарабы алаңдаушылық білдіргені туралы айтылған.

Кездесу нәтижесінде, қазақстандық және украиналық тараптар бір-бірінің тәуелсіздігі, тұтастығы мен егемендігін құрметтеу қағидаттарын ұстанатындарын растады.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle телеарнасына сұхбат беріп, онда Украинаға қатысты пікір білдірген.

Журналист мемлекет басшысына "Қазақстан билігі Украинадағы жағдайлардан, атап айтқанда, Қырымдағы аннексия мен елдің шығысындағы соғыстан қорықпады ма" деген сауал қойды. Тоқаев өз кезегінде Қазақстанның Қырымда аннексия болды деп есептемейтінін алға тартты.

Артынша, Украинаның сыртқы істер министрлігі Тоқаевтың Қырымдағы жағдай туралы айтқан пікіріне жауап берді.

Ведомство Facebook желісіндегі ресми парақшасында елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Екатерина Зеленконың жауабын жариялады.

Е. Айтаханов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам болып атсалысуымыз керек»
Қазақстандағы медицина мәселесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу