Е. Айтаханов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам болып атсалысуымыз керек»
Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қоғамның қауіпті дерті. Қазіргі таңда маңызды мәселеге айналған бұл іске қарсы бірнеше жобалар мен іс-шаралар атқарылуда.
Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғамның рөлі зор. Бұл туралы Шымкет қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысымен өткен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» атты форумда айтты, деп хабарлайды rgmedia.kz сайты
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам болып атсалысуымыз керек, - дейді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов
Шара барысында «Қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында үшінші мегаполис мерзімді басылымдар журналистері арасында өткізілген үздік журналистік жұмыстар мен бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын анықтап, құттықтады. Сондай-ақ, ЖОО-ы студенттері арасында өткен пікірсайыс, эссе байқауларының, колледж аралық брейн-ринг сайыстарының үздіктерін анықтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында белсенді атсалысып жүрген азаматтарды марапаттады.
9- желтоқсан «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған концерттік бағдарлама көрсетіледі.