Қожаларға кімдермен қыз алысуға тыйым салынған?
Қожалар неге қазаққа қыз бермейді? Қожа қожадан ғана қыз алу керек пе? Бұл сұрақтарға белгілі уағызшы Әбдіғаппар Сманов жауап берген екен.
«Қожаларда сондай ұғым болған. Бірақ қараға қыз бермеу керек дегенді қожалар шығармаған. Кешегі біздің үш биіміз қожаларды құрмет қылған. Құрметтегені сондай, «Біз сіздерге қыз берейік те, сіздерден қыз алмайық. Себебі ұрыс-керіс болып, сіздердің қызыңызды біздің ұлымыз балағаттап қоятын болса, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тиіп кетеді. Ертең Пайғамбарымыздың жүзіне қалай қараймыз?» деп, осындай келісімге келген», - деп түсіндірді ол.
Әбдіғаппар Сманов сөз арасында қожа қожалығын тек қана дінмен көрсете алатынын айтты.
«Әйтпесе пешенесіне қожа деп жазылса да, ол қожа бола алмайды», - дейді белгілі имам.