Швейцария соты Храпуновқа қатысты қозғалған істі тоқтатты

Oinet.kz 21-11-2019 1045

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа қатысты қозғалған мәселеге Швейцария соты нүкте қойды. Айта кету керек, Женева прокуратурасы Швейцария Президенті Ули Маурердің Қазақстанға ресми сапарынан аз уақыт бұрын осындай шешім қабылдаған.  Бұл хабар швейцариялық-неміс тіліндегі Tages-Anzeiger газетінің сайтында пайда болды, деп хабарлайды  Oinet.kz.

Храпунов.jpg

Шетелдік басылым 12 қарашада Женева прокуроры Виктор Храпуновқа қатысты қылмыстық істі жеті жылға созылған сот ісінен кейін тоқтатқанын хабарлады. Мұндай ақпаратты прокуратура өкілі Марк Гениат растаған.

Алайда газеттің жазуынша, 25-қарашада аталған іс бойынша аппеляциға беруге болады.

Шетелдік газетке шыққан жазбаға Виктор Храпунов өзінің отбасы бірнеше жыл күткен жаңалықты бөлісуге қуанышты екенін айтып пікір білдірген.

Айта кетсек, Алматының бұрынғы әкімі 2008 жылы Қазақстаннан әйеліме бірге Женеваға қашып кеткен. Олар мемлекет ақшасын жымқырды деп айыпталған. Алайда бұрынғы шенеунік өзіне тағылған айыпты үнемі жоққа шығарумен болған.

Қазақстан соты Храпуновты 2018 жылдың қазанында сырттай 17 жылға бас бостандығынан айырған. Оның жұбайы да 14 жылға сотталған.

Қожаларға кімдермен қыз алысуға тыйым салынған?
Елімізде өндірістік жарақат салдарынан 332 адам қайтыс болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу