Ақмолада тұрғындар үш жылдан бері қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыттан улануда

Oinet.kz 19-11-2019 946

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Ыбырай Алтынсарин ауылының тұрғындары қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыттан уланып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған OINET.KZ.

қоқыс улану.jpg

Сегіз мың адам тұратын ауыл үш жыл бойы зауытпен арпалысып әлек. "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына келген тұрғындар геология және табиғи ресурстар министріне осыны жеткізді. 

Бұған дейін облыс әкімшілігіне де шағымданыпты. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ дейді. Ауылдықтар қолқаны қапқан иістен әбден шаршаған. Министр бұл жағдайды өз бақылауына алатынын жеткізді. Халық медициналық қалдықтардың өңделмей, тек өртеліп жатқанына наразы. 

"Заң бойынша сол зауытта фильтр болуы керек. Ешқандай да фильтр жоқ. Қойылған пештер талапқа сай емес, жабайы пеш сияқты. Кейде жерге жағады. Тонналап машинамен қалдық әкеледі. Адамның шынтақтары, өкпе, бауыр бәрі бар", - деді Ыбырай Алтынсарин ауылының тұрғыны Қайыржан Шөкеев.

Ал экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алдағы уақытта тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

"Біздің адамдар осы апта барады. Комиссия жібереміз. Міне, экология департаментінің басшысы да отыр. Олар қандай негізде осылай жасап жатқанын көрейік. Ең алдымен бәрін тексереміз", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Нұр-Сұлтандық оқушылар сабақтан босатылды
Жетісай қаласында жемқорлықты әшкерелейтін спектаклы қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу