Нұр-Сұлтандық оқушылар сабақтан босатылды

Oinet.kz 19-11-2019 944

Елордада 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

сабақ болмайды.jpg

«19 қараша күні ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты жел мен көру мүмкіндігінің төмендеуі) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп мәлім етті қалалық Білім басқармасынан. 

Нұр-Сұлтан қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін артатыны ескертілген болатын. Осы уақытта температура бағамы -13 градусты көрсетіп тұр. Сезілуі -29 градус.

Қазақстандықтардың 2,15 млрд теңге өсімпұлы кешірілді
Ақмолада тұрғындар үш жылдан бері қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыттан улануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу