Нұр-Сұлтандағы көп қабатты үйдің 12-ші қабатынан құлап, мерт болды

Oinet.kz 15-11-2019 971

44 жастағы ер адам Нұр-Сұлтандағы көп қабатты үйдің 12-ші қабатынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

пәтер.jpg

Оқыс оқиға 14 қараша күні кешке Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Бұл оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

- Қошқарбаев көшесінде орналасқан үйдің балконынан подъезд қалқаншасына ер адамның құлап кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда, - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз өкілі София Колышбекова.

Today.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, марқұм ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкері болған.

BaigeNews.kz хабарлағандай, оның артында үш баласы қалды.

- Ол шекара қызметінде шамамен 20 жылдай жұмыс істеді, әскери дәрігер болды, подполковник шеніне дейін көтерілді. Жұмыста тек жақсы жағынан көрінген. Оқиғаның себептерін білмейміз, ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр, - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Жаңа жүргізуші куәліктерінің қандай ерекшелігі болады?
Елорда да Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу