Елорда да Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді

Oinet.kz 15-11-2019 968

Елордада Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсыноваға Есілдің сол жағалауынан көше атауы берілді, деп хабарлайды elorda.info порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Фариза Оңғарсынова көшесі.jpg

Көшенің салтанатты ашылу лентасын қала әкімінің орынбасары мен Фариза Оңғарсынованың ұлы Алмас Оңғарсынов кесті.

«Бүгін, міне, қазақтың дана қызы, дара қызы Фариза апамыздың атына көше атауы беріліп отыр. Біз өткенді ұмытпауымыз керек. Көше атауын беру – өскелең ұрпаққа өнеге болудың белгісі. Фариза апамыздың қай өлеңін оқысаңыз да өткір, ол – мәселені тігінен айтатын кісі. Апамыздың шығармасы ерекше есте қалатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Парламентте өз орны болды. Сондықтан елордада апамызға көше атауын беру жас ұрпаққа тәрбие берудің үлгісі деп білемін. Фариза апамыздың аты мәңгі өшпесін, бүгін көше атауынан бөлек, біраз шараларды өткізу жоспарлануда», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары салтанатты шарадан соң ақынның зиратына барып құран бағышталатынын айтты.

Айтулы шараға жазушылар, қоғам қайраткерлі мен ақынның жақын туыстары қатысты.

Нұр-Сұлтандағы көп қабатты үйдің 12-ші қабатынан құлап, мерт болды
Зорлық-зомбылықсыз қоғам үшін!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу