Зорлық-зомбылықсыз қоғам үшін!

Oinet.kz 16-11-2019 2250

Screenshot_1.jpg

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Түркістан облысында биыл зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған мобильді қызмет көрсету орталығы» құрылып, мұнда социолог, психолог, психиатр, заңгер, оператор мамандары алдын алу, кеңестер беру бойынша жұмыстар жасауда.

Screenshot_3.jpg

Барлық аудандарда психолог мамандармен семинарлар өтіп, орталық туралы ақпарат берілді. Арнайы 2 тілде 10 бейнероликтер түсірілді. Әлеуметтік желіде парақшалар ашылып, халыққа орталық қызметі туралы ақпараттар берілді (5000 оқырманы бар). 16 аудан, қалада 80 билборд орналастырылып, ақпараттық танымдық материалдар: плакат, буклет, стикерлер тарқатылды. Ауылдық әкімдіктермен бірлесе ауыл тұрғындарымен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сауалнама алынды. Сауалнамаға 543 адам қатысып, өз ойларын білдірді. Бәрінің ойы – зорлық болмаса екен дейді.

«Зорлық-зомбылықсыз болашақ» атты балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде кең көлемді акциялар өтті. Оқушылармен кездесулер ұйымдастырылып, арнайы жасалған роликтер көрсетіліп, сенім телефоны көрсетілген стикерлер күнделіктеріне жапсыру үшін тапсырылды.

Screenshot_2.jpg

Жалпы жұмыс барысында 17 физикалық, 52 психологиялық, 10 экономикалық, 1 сексуалдық зорлық-зомбылық бойынша кеңестер берілді. Телеарналарда сұқбаттар беріліп, тренингтер, арт-терапия, психодиагностика жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Алдағы уақытта жетім балалармен, отбасының қиын жағдайы бар балалармен профилактикалық жұмыстар жасау жоспарлануда.

Біз – зорлық-зомбылыққа қарсымыз!

Мобильді қызмет көрсету орталығы, сенім телефоны: 7-23-83.

Елорда да Фариза Оңғарсынованың атына көше берілді
Қарағанды шахтасында кенші жұмбақ жағдайда қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу