Танымал ақын Саят Әбенов мүгедек ұлы мен әйелін тастап кеткен (видео)
«Торғайлық ақын» лақап атымен танымал Саят Әбеновтың экс әйелі мен мүгедек ұлы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына көмек сұрап келді, деп жазады Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
19 жаста шаңырақ көтерген Әбенов отбасын құруға дайын болмаған. Экс-келіншегі Алтын Асабаеваның айтуынша:
«Қыз бен жігіт болып жүрегенімізде аяғым ауыр болып қалды. Ол 19 жаста, мен 17 жаста болдым. Жүкті екенімді білген соң менен суый бастады. Мен әлі дайын емеспін, шығармашылығымды дамытуымды керек деген сылтаулармен алыстай беретін. Ішімдегі сәбиіме 5 ай толғанда ата-анамыздың ақылдасуымен үйлендік. саят шектен тыс қызғаншақ болды. Тіпті, үйден шығармай, қамап қоятын. Көк ала қойдай сабап, еркекті ұрғандай ұратын.
Әлі есімде, сені ұрмағаныма екі күн болыпты ғой, - дейтін. Мен, Саят, өтініш ұрмашы мені деп жалынатынмын», - деп көзіне жас алды.
11 жасар мүгедек ұлына осы уақыт аралығында мүлдем қараспағанын, ұлымен сөйлескісі келмейтінін атап өтті.
«Ол өзі кетіп қалды. Барлығын әдейі жасап отыр. Қараша да болатын концертімді құртпақшы.
Неге жағдайым жоқ кезде тастап кетеді. Қазір жағдайым жақсарған кезде қайта келмесін», - деді айтыскер ақын.
Айта кетейік, Саят Әбенов «Өлшеулі өмір», «Жүрегімнен бір орын бер», «Жүрегімнің иесі», «Күттім-ай» секілді хит әндердің авторы.