Түрмеге күйеуін көруге келген әйел мәнтінің ішіне телефон салып әкелген

Oinet.kz 14-11-2019 1038

Түркістан облысындағы жаза өтеу мекемесінде әйелі күйеуіне мәнтінің арасына салып телефон кіргізбек болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған OINET.KZ.

image.png

Түркістан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздік деңгейі барынша күшейтілген мекемесінің қызметкерлері кеше электронды байланыс құралдарын алып кіру әрекетінің жолын кесті. 

«Күйеуін көруге келген әйел ұялы байланыс телефоны мен жады көлемі 4 гб флеш-картаны ыстық тамақтың – мәнтінің ішіне салып кіргізбек болған», - дейді ведомство өкілдері. 

Белгісіз біреулер тура осы түрмеде отырған адамға ыстық тамақ ала баруын сұраған. Енді осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапқа тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Берілген дерек ҚАЖ мекемесінің Есепке алу және ақпарат кітабына тіркелді, материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Танымал ақын Саят Әбенов мүгедек ұлы мен әйелін тастап кеткен (видео)
Елімізде күніне 370 жұп шаңырақ көтеріп, оның 150-і ажырасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу