Назарбаев: «Малайзия басшысы 92 жасында билікке қайта оралды»

Oinet.kz 13-11-2019 1450

Нұрсұлтан Назарбаев "Astana Club" жиынында билік транзиті жөнінде әңгіме қозғап, әлем тарихынан мысалдар келтірді. Бұл жөнінде Жас Алаш-қа сілтеме жасаған Oinet.kz жазады.

Нұрсұлтан Назарбаев.jpg

Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақыттары өзіне билік транзиті төңірегінде сұрақтар жиі қойылатынын айтты.

"Билік транзиті қазір маған ең көп қойылатын сұрақтардың бірі. Менің мандатым 2020 жылы аяқталатын. Мен президент лауазымын тастап кету шешімін өзімнің ең танымал кезімде қабылдадым. 2015 жылғы сайлауда мен 96 пайыз дауыс жинадым. Кетуімді халық өкінішпен қабылдағанын білемін", - деді Назарбаев.

Бұдан бөлек Назарбаев өзінің қызметтен кетуіне әлем тарихынан мысалдар келтірді.

"Білесіздер ме? Бұл анау айтқандай ерекше жағдай емес қой. Бірде Франция президенті лауазымын генерал Шарль Де Голль тастады, кетті. Сингапурда Ли Куан Ю кетті. Малайзияда Махатхир мырза кетті. Бірақ ол кейін 92 жасында қайтып оралды. Олай да болады", - деді экс-президент.

Алматы қаласында газ жарылып, бір адамды күйік шалды
Көпбалалы аналарға 20 млн теңге берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу