Алматы қаласында газ жарылып, бір адамды күйік шалды

Oinet.kz 13-11-2019 831

Алматыда газ жарылып, ер адамның денесінің 30% күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме берген Oinet.kz тілшісі. 

жансақтау.jpg

Алматыда газ бен ауа қоспасының жарылуынан болған апат жиі тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, көбіне газ-ауа қоспасы бөлменің төбесінде жиналып тұрады. Электр құрылғысы қосылғанда немесе өшірілгенде тарс етіп атылады. 

«12 қарашада Әуезов ауданында газ бен ауа қоспасы жарылып, ер адамның денесінің 30%-ын күйік шалды. Ол ауыр жағдайда №4 ауруханаға жеткізілді. Бұл апат газ құрылғысын дұрыс пайдаланбаудан болған. Ер адам үйіне келіп, итіне тамақ жылытып жатқан. Газды қосып кеткенде байқаусызда от өшіп қалған. Сәйкесінше, газ концентрациясы ауада жинала берген. Қайтып келген үй иесі қайтадан сіріңке жағып, от тұтатпақ болған. Сол сәтте жарылыс болды», - деді спикер. 

Сонымен қатар, 11 қарашада жантүршігерлік жарылыс болды. Жетісу ауданында 3 қабатты үйдің 1-қабатындағы пәтерде газ бен ауа қоспасы жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың денесін 40-100% күйік шалған. Кеше 100% күйік алған 36 жастағы ер адам көз жұмды. Қалған екі адам әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды
Назарбаев: «Малайзия басшысы 92 жасында билікке қайта оралды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу