Петропавлда 16 жасар қызды автобус қағып кетті

Oinet.kz 17-04-2023 619

Петропавл қаласындағы Қизатов көшесінде Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жасар қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз бала түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.

Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша маршруттық автобустың жүргізушісі мас емес.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін полицейлер материал жинауда.

Как выбрать спортивное питание
Қарағандыда эскалатордан ер адамды теуіп құлатып жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу