Ковалевті нокаутқа түсірген Канело Головкинге қатысты мәлімдеме жасады

Oinet.kz 03-11-2019 6176

d1cdc78f84d524c0311aa136a3228aa45dbe7d04be148235701304.jpg

WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы Сауль Альварес Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін отандасымыз Геннадий Головкинге қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sports.kz

Өз мәлімдемесінде мексикалық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігін атап өтті.

"Осында келіп, маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Сіздерді әрдайым сабырлы болуға шақырамын, өйткені "Канело" – бұл кепілдік! Головкинмен жекпе-жек? Мен бұдан бұрын айтқанмын, ол маған аса үлкен қатер төндірмейді, бірақ бизнес тұрғысынан қызықты болуы мүмкін. Көреміз", – деді "Канело".

Еске сала кетейік, 11-ші раундта Сауль Альварес ресейлік боксшы Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы атағын иеленді.

Осылайша, мексикалық боксшы төрт салмақ санатында әлем чемпионы атанып отыр.

Дулат Исабеков Димашпен кездессе қандай кеңес беретінін айтты
Шымкентте «Жас заңгерлер альянсы» жобасы бастау алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу