Әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері күміс алды

Oinet.kz 30-10-2019 1142

image.png

Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық Адлан Асқаров күміс алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлімдеді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық еркін күрес шебері Адлан Асқаров дүниежүзілік біріншіліктің күміс жүлдегері атанды. 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсен ол финалда кубалық қарсыласы Рейнери Ортерге 0:10 есебімен жол берді. Осы салмақтың қола жүлдесін Ализера Сарлык (Иран) пен Афган Хашалов (Әзербайжан) иеленді.

65 келіде Рифат Сайботалов, 70 келіде Жұмай Ильяс, 79 келіде Диас Асқаров, 97 келіде Серік Баxытxанов сынды қазақ балуандары қарсыластарынан ұтылып, Әлем чемпионатында жүлдесіз қалды.

Президент азық-түлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді
Шымкентте болған атысқа қатысты кезекші прокурор пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу