Түркістан: Жастарды жақсылық жасауға жұмылдыратын жоба ашылды

Oinet.kz 23-10-2019 1051

Screenshot_1.jpg

Бүгінгі күні  еліміз  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделдерін қолданысқа енгізіп,   патриот және бәсекеге қабілетті жас буынды тәбиелеуге айрықша басымдық беріп отыр.    

Осыған орай, бүгін  ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан  облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған  «Түркістан-адалдық  алаңы» жобалық кеңсесі аясында Қазақ-Түрік университетінде жалынды жастарды ізгілікке бастайтын  «Ізгілік елшісі»/ «Акселератор добра» жобасы ашылып,  облыста орналасқан білім беру ұйымдарының басшылары мен «Саналы ұрпақ» қызметкерлеріне таныстырылды.     

Шараға  Департаменттің өкілдері, «Адами әлеуетті дамыту» басқармасының басшысы Р.Жолаев,  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің  вице-президенті А.Абуов және бірқатар кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары мен жобаның ерікті жастары қатысты.  

Жобаның негізгі мақсаты –  сыбайлас жемқорлықсыз орта қалыптастыру, облыстағы білім беру ұйымдарының жастарын ортақ игі іске жұмылдыру және  жақсылық жасағысы келетін жастар мен көмекке мұқтаж адамдар арасында тікелей байланыс орнату. 

Screenshot_2.jpg

Жиын барысында  ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы  «Түркістан – Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесі өскелең жас ұрпақты   ізгі қасиеттерге баулып,  қайырымды істерге шақыру мақсатында  «Ізгілік елшісі» жобасын жолға қойғандығын атап өтті.  

Сондай-ақ, аталмыш жобаның студенттерден құралған еріктілерден тұратынын және  азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталғанын тілге тиек етіп,  мемлекеттің негізі – жастарды жақсылықтың жаршысы етуде бұл жобаның берері көп екендігін жеткізді. 

Айта кетсек,  аталған жоба  алғаш рет Алматы қаласындағы  «Сорбонна - Қазақстан» институтының  бастамасымен ашылған болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшісін тағайындады
Айман Омарова мен Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу