Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Белгілі заңгер, адвокат Айман Омарова президентке қылмыстық кодекстің 130-шы және 174-ші бабына өзгерту мен түзету енгізуді ұсынды. Бұл баптарда жала жабу мен әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе дiни алауыздықты қоздыру үшін жаза қарастырылған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент Омарованың бастамасының маңызды екенін атап өтіп, кемсітушілікке қарсы заңнама нормаларын енгізгенде шетелдік тәжірибені қолдану қажеттігін айтты.
Қазақстандық құқық қорғаушылары жала жапқаны үшін қолданылатын жазаны қылмыстықтан әкімшілікке алмастыруды бірнеше жылдан бері көтеріп жүр. Сарапшылардың ойынша, жала жапқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту БАҚ-қа қысым көрсетіп, елдегі сөз бостандығын шектейді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен кездесу кезінде президент саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен де әңгімелесті. Кездесуде сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылықты белсенді тарта отырып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына бақылауды күшейту жайындағы ұсыныстар қаралды.
Президент Тоқаев қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен кездесу кезінде миграция және көші-қон туралы заңнаманы жетілдіру мәселесін көтерді. Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының "оралман" сөзінен бас тартып, оны "қандастар" деп өзгерту жөніндегі бастамасын қолдайтынын айтты.