Қаржы министрлігі алдағы үш жылдың бюджет жоспарымен таныстырды
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Мәжілісте "2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
"Сіздердің қарауларыңызға "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылды. Бюджет жобасын қалыптастырудың басты қағидаты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары шеңберінде елдің алдына орта мерзімді кезеңге қойылған бағыттар мен міндеттерді дәйекті іске асыру болып табылады", - деді қаржы министрі.
Мәжілісте заң жобасын талқылау барысында бірқатар түзетулер енгізілді және бюджет жобасының параметрлері қайта қаралды.
Түзетулердің бір блогы Мемлекет басшысының Жолдауын, сондай-ақ оның жекелеген тапсырламаларын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың негізгі бөлігі мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға көзделеді. Бұл үш жылға шамамен 1,1 триллион теңге. Микро және шағын бизнесті табысқа салынатын салық төлеуден босатуды ескере отырып, субвенциялар және алып қоюлар көлемі өзгертілді. Салықтық түсімдерді ұлғайту, шығыстарды оңтайландыру және жалпы ішкі өнімге пайыздық арақатынасын сақтай отырып, бюджет тапшылығын ұлғайту, осы өзгерістерді енгізу үшін көз болды.
Аталған түзетулер Үкіметтің ұсынысы бойынша Мәжіліс енгізген өзгерістер арқылы іске асырылды.
Түзетулердің екінші блогын депутаттар ұсынды және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға және аймақтарды дамытуға бағытталған.
Мәселен, ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен, су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы объектілерін және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаражат көзделген.
2020 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 3,8 триллион теңге бөлінеді. Бұл бюджеттің жалпы шығыстарының 29пайызы. Енгізілген түзетулер шеңберінде Есеп комитетінің бірқатар ұсынымдары ескерілді. Қосымша Үкімет жергілікті атқарушы органдардың қаражатты жұмсауына мониторингті және бақылауды күшейту тетіктерін пысықтауда. Өзгерістер нәтижесінде бюджет параметрлері былайша қалыптасты.
2020 жылдағы түсімдер Мәжіліске енгізілген бюджет жобасынан 108 миллиард теңгеге ұлғая отырып, 11,3 триллион теңге сомасында белгіленді. (2021 жылы - 12 триллион теңге, 2022 жылы - 12,8 триллион теңге)
2020 жылға бюджет тапшылығы 1,6 триллион теңге деңгейінде жоспарланды. Ол 2022 жылға қарай кезең-кезеңмен 890 миллиард теңгеге дейін төмендетіледі. Бұл борышты қауіпсіз деңгейде ұстап қалу бойынша міндетті іске асыруды қамтамасыз етеді. Республикалық бюджеттің шығыстары Мәжіліске енгізілген жобадан 3 жылдық кезеңде 329 миллиард теңгеге, оның ішінде 2020 жылы - 172 миллиард теңгеге ұлғайды.
Нәтижесінде шығыстар 2020 жылы - 12,9 триллион теңгені құрайды (2021 жылы - 13,2 триллион теңге, 2021 жылы - 13,7 триллион теңге). Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталады. 3 жылдық кезеңде республикалық бюджеттің әлеуметтік блоктың шығыстары 20 триллион теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылға - 6 триллион теңге немесе шығыстардың жалпы көлемінің 46,4 пайыз мөлшерінде.
2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 53,8 пайыздықұрайды. Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмек көрсетуге келеді.
Мәселен, 3 жылға осы бағытқа 11 триллион. теңге жоспарланған, оның ішінде 2020 жылы - 3,4 триллионтеңге.
2020-2022 жылдарға денсаулық сақтау жүйесіне арналған шығыстар 4,7 триллион теңге, оның ішінде 2020 жылы - 1,5 триллион теңге немесе ағымдағы жылдың деңгейіне 299 миллиард теңгеге өсіммен.
Аталған өсім негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшумен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысының ұлғаюымен байланысты.
Бірінші Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Заң жобасы әзірленді. Оны іске асыруға бюджетте 2,2 триллион теңге, оның ішінде 2020 жылға - 390 миллиард. теңге көзделген.
Экономиканың нақты секторын дамытуға арналған шығыстар экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін, технологиялық жаңғыртуын және цифрландыруын қамтамасыз ету саясатын іске асырумен байланысты және орта мерзімді кезеңде оған 4,7 триллион. теңге, оның ішінде 2020 жылға - 2 триллион. теңге көзделген.
Аграрлық секторды дамыту үшін 3 жылдық кезеңге 1 триллион. теңге, оның ішінде 2020 жылға - 355 миллиард теңге көзделген.
"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға 368 миллиард теңге, оның ішінде 2020 жылға - 254 миллиард теңге жоспарланған.
2020-2022 жылдары көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,4 триллион. теңге, оның ішінде 2020 жылы - 545 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.
Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті қорғауға және ішкі тұрақтылықты қолдауға, дағдарысты жағдайларда халықты қорғау мен басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге 3 жылдық кезеңге 4,3 триллион теңге, оның ішінде 2020 жылға - 1,5 триллион теңге көзделген.
Елбасы берген тапсырмаларды, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауында берген тапсырмаларын орындау үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 8,5 триллион теңге, оның ішінде 2020 жылы 2,7 триллион теңге көзделді.