Қостанайда оқушы қыздар 50 жастағы әйелді сабап өлтірген
Қостанайда 14 және 17 жастағы екі оқушы қыз 50 жастағы әйелді үйдің ауласында сабап өлтірді, деп хабарлайды OINET.KZ сайты sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстық істі Қостанай облысының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соты қарап жатыр. Қыздардың мұндай қатыгездікке не себепті барғаны әзірге беймәлім.
"Сот процесі жабық режимде өтіп жатыр. Күдіктілерге қылмыстық кодекстің 106-бабының үшінші бөлімі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айып тағылды", - дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 29-бабының бірінші бөліміне сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық істері бойынша сот отырысын жабық режимже өткізуге жол беріледі, деп атап өтті соттағылар.