Президент мемлекеттегі ірі тағайындауларды Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасып жасайтын болды
Президент бірқатар тағайындауларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасымен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен алдын ала келісіп, жасайды, деп хабарлайды Zakon.кz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 9 қазанда "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Онда Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы, Президенттің тағайындайтын немесе олармен өзара келісіліп, Президенттің ұсынысы бойынша, сондай-ақ оның әкімшілігімен келісіліп тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметкерлердің тізімі жаңартылды.
Енді маңызды қызметтер бойынша тағайындауларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен қазіргі Мемлекет басшысы келісіп отырып, жасайтын болады.
Оларға Бас прокурор, Ұлттық банктің төрағасы, ҰҚК басшысы және министрлер жатады. Міне, бұларды Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасымен келісе отырып тағайындайды. Бұл тізімге Сыртқы істер, қорғаныс және ішкі істер министрлік басшылары кірмейді.
Сонымен қатар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерінің, сондай-ақ тікелей Президентке бағынатын және есеп беретін орган басшылары да осы тәсілмен тағайындалады.