«Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» атты жаңа жоба іске қосылды

Oinet.kz 21-10-2019 1261

Картинки по запросу рухани жаңғыру

Елордалық оқушылар тарихи-мәдени орындармен танысып, ғылыми зерттеулер жүргізеді. "Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат" атты жаңа жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қолға алынды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бүгінгі шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Осы бағдарлама аясында қаншама асыл мұраларымыз танылып та, табылып та жүр. Қазақ мәдениеті ғасырлар бойы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастырып келеді. 30 жылға жуық тәуелсіздік тарихымызда да ұлттық құндылықтарымыз аз дәріптеліп жүрген жоқ. Жобаның көздегені – жас ұрпаққа төл мәдениетімізді таныстыра отырып, олардың санасына рухани жаңғыру кодын сіңіру. Және әлемге қазақстандық мәдениетті жаңа тұрпатта таныстыру. Жоба аясындағы шаралардың алғашқысы – бүгінгі тұсаукесер. Одан әрі жоспарға түрлі бағыттағы тарихи-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады", - деді ҚР Тұңғыш президенті кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Аталмыш жоба 1 жылға арналған. Жоба жетекшілері оны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дейін жалғастыруды ойымызда бар. Белгілі болғандай, жоба аясында елордалық оқушылар тарихи-мәдени орындармен танысып, ғылыми зерттеулер жүргізеді.

"Оқушыларға арналған бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды тарихи жәдігерлер мен ескерткіштер туралы терең танып білу мен оны құрметтеу. Сондай-ақ, ел өңірлерінің мәдениетімен таныса отырып, оқу-танымдық бағдарламаларды әзірлеу. Жоба 2019-2020 оқу жылына арналған. Бір жыл бойы оқушылардың қатысуымен түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде, танымал тұлғалармен кездесу, әдеби кеш, түрлі байқау және ғылыми жобалар жазу. Сонымен қатар, көрмелер мен ашық сабақтар өтеді. Жобаны Білім басқармасының бастамасымен қаладағы 5 мектеп бірігіп жүзеге асыратын боламыз", - деді қалалық №15 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Омашева. 

"Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат" атты жобаға қаланың №15, 18, 19, 21, 35 мектеп ұжымы мен оқушылары қатысып жатыр. 

Қазақстан он екі жылдық білім жүйесіне көшетін болды
Президент мемлекеттегі ірі тағайындауларды Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасып жасайтын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу