Қазақстан он екі жылдық білім жүйесіне көшетін болды

Oinet.kz 21-10-2019 1011

Похожее изображение

2021 жылдан бастап Қазақстан он екі жылдық білім жүйесіне көшетін болды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ сайтының тілшісі.

Депутат Сергей Симонов мәжілістегі үкімет сағатында министрден 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысқаннан кейін, балалар мектепке неше жастан қабылданатынын сұрады.

"Мен мұны неге сұрап отырмын? Біріншіден, егер бала алты жастан барса, онда 12 жыл оқып, мектепті 18 жасында бітіреді. Ал елімізде 18 жастан бастап әскерге шақыратынын білесіздер. Сонда олар мектептен түлеп ұшқаннан кейін әскерге баруы керек пе, жоқ әлде жоғары оқу орнына түсуі керек пе?", - деді депутат.

Білім министрі мұның бәрі білім туралы заңмен реттелетінін атап өтті. Бірнеше жыл бұрын қабылданған заңда балалар мектепке алты жастан барады делінген.

"Қазір балалардың 80 проценттен астамы мектепке 6 жастан барады. Біртіндеп бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. 6 жастан барғандар он екі жылдық мектепті 17 жасында бітіреді. Жеті жастан барып, он бір жыл оқығандар да солай. Яғни, өзгерген ештеңе жоқ", - деді министр.

Демек,егер 17 жаста мектеп бітірген түлек жоғары оқу орнына түссе, онда әскерге кейін шақырылады.

"Қазір жеті жастан мектепке баратындар 18-де емес, 17 жаста бітіреді. Солай ғой. Ал алты жастан барса, он екі жыл оқып, 17 жаста тәмамдайды. Санап алыңыздар", - деді Аймағамбетов депутаттарға.

Алайда депутат Симонов министрмен келіспеді.

"Менің үлкен балам мектепке алты жастан барып, 17 жаста аяқтады. Ал сыныптастарының көбі жеті жаста қабылданды, ал мектеп бітіргенде 18, кейбірі 19 жаста болды. Егер түлек екі ай ішінде жоғары оқу орнына түспесе, автоматты түрде әскерге шақырылады. Оның үстіне, біздегі білім жүйесі 11-сыныпты тәмамдаған оқушыға университетке бірден түсуге мүмкіндік бермейді. Олар репетитор жалдап, үйде қосымша дайындалуы керек. Сіздер осы жағын ойлаңыздар", - деп ойын айтты депутат.

"Бұл сіздің пікіріңіз. Біз бұл пікірмен келіспейміз", - деп қысқа қайырды білім министрі Асхат Аймағамбетов.


Қара шайдың бағасы 5,8 пайыз қымбаттады
«Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» атты жаңа жоба іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу