2020 жылдың соңына дейін барлық ауыл мектептері интернетпен қамтамасыз етіледі
Үкімет сағатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице- министрі Марат Нұрғожин еліміздегі ауыл мектептері 2020 жылдың соңына дейін интернетпен толық қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
«Осы жылдың соңына дейін облыстық және аудандық мектептер 100 пайыз интернетпен қамтылады. Ал 2020 жылдың соңына дейін барлық ауыл мектептері интернетке қосылатын болады. Бізде осындай міндеттер тұр», - деді Марат Нұрғожин.
Қазіргі уақытта еліміздегі мектептердің 93 пайызы секундына 4 мегабит жылдамдықты интернетке, ал мектептердің 73 пайызы Wi-Fi желісіне қосылғанын айтып өтті.