Елімізде мұз бен қардың салдарынан көлік қозғалысындағы жолдар жабылуда
Шығыс Қазақстан облысында жабысқақ қардың салдарынан 19 қазаннан бастап жолдарда жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс шектелген: «Өскемен - Риддер - РФ шекарасы» (15-105 км, Белоусовка ауылы - Риддер қаласы) «Өскемен - Алтай - Катонқарағай - Рахмановский кілттері» (6-66 км, Ушановское ауылы - Серебрянск қаласы). Бұл туралы «Қазақавтожол» кәсіпорнының мәлімдеді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Жексенбі күні сағат 19:45-те көктайғақ салдарынан Алматы – Өскемен тас жолында (778-967 километр, Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы) жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ, Алматы – Өскемен тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі учаскесінде (971-1068 километр) қозғалыс шектелді. Облыстық шығыс жолдың хабарлауынша, Өскемен-Тарғын-Самарс жолы (62-145 км, Тарғын-Самарское ауылы) тіркемесі бар жүк машиналары үшін жабылды.