Емтихан жұмысын бір-бірінен көшірмес үшін студенттердің бастарына картон қорап кигізген
Карнатака штатында Хавери қаласындағы Бхагат даярлық колледжінде химия пәнінен емтихан тапсырған студенттер басына картон қорап киіп алған. Студенттер емтихан жұмысын бір-бірінен көшірмес үшін, колледж басшылығы осындай қадамға барған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
"Біз ешқандай оқушыны қинамадық. Кейбір балалардың бастарында қорап та болмағанын көруге болады. Бірақ көбісі қорапты 15 минуттан кейін шешіп тастады. Ал қалғандарына бір сағаттан кейін шешуіне рұқсат бердік", - дейді әкімшілік.
Бұл оқиға бойынша оқу әкімшілігі үкіметтен кешірім сұрады. Жергілікті білім мекемесінің өкілдері желіде тараған суреттен кейін, колледжге барып, басшылыққа қатаң ескерту жасады.