Елордада келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артады
Нұр-Сұлтан қалсының әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй кешендері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
"Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Көлгінов құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды (Сарыбұлақ өзенінің бойындағы Тілендиев даңғылы). Осы тұрғын үй кешенінің кілттерін 530 адам алады. Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да беріледі. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Алтай Көлгіновтың ғимаратқа барлық инженерлік желі жүргізілген, аумағы абаттандырылғанда, яғни толығымен дайын болған кезде ғана үйді пайдалануға беру қажет.
2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен тапсырылған пәтерлердің жалпы саны - 2400. Сондай-ақ, келесі жылы тұрғын үй көлемінің 3 есеге артатыны айтылады.