Мәскеуден Владимир Зеленскийдің егізі табылды

Oinet.kz 21-10-2019 914

Мәскеуде Зеленскийдің сыңары табылды -

Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды

Украина президенті Владимир Зеленскийге ұқсайтын ер адам Мәскеу метросынан табылды, - деп хабарлайды Mash Telegram-арнасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Сурет бірден желіде тарап кеткен. Артынша Зеленскийге ұқсйтын ер адамның Умид есімді Өзбекстан азаматы екені белгілі болды. Ресейде ол отбасымен бірге тұрады. Мәскеудегі автосервистердің бірінде автомаляр болып жұмыс істейді екен. 

"Мен бұрын Зеленскийдің кім екенін білмегенмін. 2016 жылы маған достарым сондай әзілкештің бар екенін және менің соған ұқсайтынымды айтқан. Кейіннен ол президент болған кезде мен оны білдім", - дейді ол.  

Владимир Зеленскийдің сыңарын достары Дима деп атайды. Ал жұмыста оны әзілдеп Зеленский деп атап кеткен. 

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып түсті
Елордада келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу