Елордада ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге балабақша ашылады
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов кешкілік аралау кезінде көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтем жасап.
Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен Күмісбеков көшесі). Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған.