Жалғас Жұмағұлов: «Мені жеңу үшін қарсылас мен сияқты болу керек»
Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Жалғас Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді Жұмағұловтың қоржынында 13 жеңіс, үш жеңіліс бар.
"Мені қолдау үшін келгендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Али, рақмет айтқым келеді, мен сені, отбасың мен командаңды құрметтеймін. Мені қолдаған барлық адамға алғыс айтамын. Мен соңына дейін күресемін деп уәде бергенмін, өз сөзімде тұрдым. Тағы айтамын, мені жеңу үшін қарсылас мен сияқты болу керек, осында өмірін қалдыруға дайын болуы қажет. Бұл жеңісті өз еліме, Қазақстанға арнағым келеді", - деді Жалғас Жұмағұлов.