Рухани жаңғыру: мақсат үздік әлемдік тәжірибені пайдалану

Oinet.kz 02-10-2019 720

71091063_396355207958855_6317892713412820992_o.jpg

Тұңғыш президент, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы басты міндеттерді іске асыру мақсатында Түркістан облысы Келес ауданында «Білім орталығы» ашылды. Бұл туралы келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Жобаның мақсаты барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжрибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру. Жалпы білім орталығында арнайы интернет желісіне қосылған ноутбуктер, шахмат және арнайы кофе брейктер ұйымдастырылған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықты білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай, «Нұр отан» партиясы «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай cowerking – орталық ретінде қайта құруды қолға алды. Ағылшын тілінен аударғанда Коворкинг сөзі "бірге жұмыс істеу" дегенді білдіреді. Коворкинг – компьютерлік техникамен толық жабдықталған жұмыс орындарының жиындығы. Алғашқы коворкинг орталық 2005 жылы АҚШ-та ашылған. Ал Ресей мен ТМД елдерінде коворкинг соңғы бір-екі жылда ғана еніп отыр. Келес ауданның кітап сүйер оқырмандарын таптырмас орталықтың қызметтерін пайдалануға шақырамыз. 



Биыл жетісайлық диқандар ағын судан тапшылық көрген жоқ
Димаш Құдайберген тыңдармандарын таңғалтпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу