Қазақстан шетелге 408,3 млрд теңге аударған

Oinet.kz 10-10-2019 940

Картинки по запросу ақша

Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы транзакциялардың көлемі Қазақстаннан шетелге және шетелден елімізге келетін қаражат көлемінің бір жыл ішінде айтарлықтай өскенін көрсетті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылдың қаңтар-тамызында шетелге жіберілген ақша аударымының көлемі 7,4 пайызға артып, 408,3 млрд теңгеге жетті. Ал шетелден 232,5 млрд теңге алынып, жыл ішіндегі өсім 5,4 пайыз болды. Қазақстаннан жіберілген және шетелден алынған көлем бойынша ТОП-5 елдің қатарына Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан кіріп отыр», - делінген таратылған ақпаратта. 

Есеп бойынша 134,5 млрд теңгесі Ресейге жөнелтіліп, ол жақтан 81,1 млрд теңге алынған. Екінші орында тұрған Өзбекстанға 88,5 млрд теңге жіберіліп, ол жақтан қазақстандықтар 17,3 млрд теңге алған. Ал Қырғызстанға Қазақстаннан 52 млрд теңге жөнелтіліп, ол жақтан қазақстандықтардың қолына 15,7 млрд теңге түскен. 

Қазақстандықтар Түркияға 55,1 млрд теңге, Қытайға 22,1 млрд теңге жіберген. Ал Оңтүстік Кореядан Қазақстанға 38,3 млрд теңге, АҚШ-тан 10,5 млрд теңге жөнелтілген.

Ақтөбеде 1 200 000 теңге көлемінде пара алған бастық ұсталды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу