Ақтөбеде 1 200 000 теңге көлемінде пара алған бастық ұсталды
Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығы пара алған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол азаматтан оның ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті ұсталып, Ақтөбе қалалық ПБ-ның УҰИ-ға (уақытша ұстау изоляторына) қамауға алынды. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
құқықты сақтаңыз.