Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа келді

Oinet.kz 11-10-2019 895

Қазақстан Президенті Ашхабадқа келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісінде жазды, деп хабаралайды OINET.KZ тілшісі.

«Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған. ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ», - деп жазды Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылатыны күтіледі. Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.

Қазақстан шетелге 408,3 млрд теңге аударған
Түркістанда атаулы әлеуметтік көмектің жаңа бағыты түсіндірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу