Бүгін Түркістан облысында жалпы ұлттық “Дала дәмі” жәрмеңкелік акциясы өтуде
Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарды қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруға ықпал ету.

Жәрмеңкеге өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысып, ет және сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын нарық бағасынан төмен бағамен ұсынды.
Іс-шара барысында тұрғындар қажетті өнімдерді тиімді бағамен сатып алып, отандық өндірушілердің өнімдерімен танысуға мүмкіндік алды.
Түркістан облысында халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


