Басқармалар экологиялық сенбілікке қатысып, қала тұрғындарының патриоттық сезімін оятты
Сенбілік – қоғамды біріктіретін, еңбексүйгіштікке, тазалыққа және бірлікке тәрбиелейтін шара. Осы ретте Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын табуда.
Қалалық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері республикалық экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шара барысында басқарма ұжымы Еңбекші ауданы аумағындағы Қазанқап ақын көшесінде ирригациялық жүйелерді, тұрғын үй аулаларын және жол жиегін тұрмыстық қалдықтардан тазартып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласында өткен «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – таза орта қалыптастыру, халықты еңбексүйгіштікке және туған жерге жанашырлыққа шақыру. Сенбілікте қалалық ішкі саясат басқармасымен бекітілген аумақтағы қоқыс жиналып, жасыл желектердің айналасы абаттандырылды. Аталған іс-шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін насихаттауға бағытталды.
Сондай-ақ сенбілікке ішкі саясат басқармасы тапсырмасына сәйкес қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы да шығып, белсенділік танытты. «Бүгінгі күні Шымкент қаласында санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта ұйымдастырылып келе жатқан сенбіліктерге мемлекеттік мекемелердің ұжымдары белсене қатысып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосуда. Кезекті сенбілік Абай ауданы Қайнарбұлақ елді мекеніндегі Бөлешов көшесінде өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері атсалысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында қоқыс пен қалдықтар жиналды, ирригациялық арық жүйелері қоқыстан тазартылды, аяқжолдар мен жасыл желектер ретке келтірілді, бей-берекет тасталған қоқыс орындары жойылды және жиналған қалдықтар арнайы техника көмегімен қоқыс полигонына шығарылды», - дейді басқарма өкілдері.
Аталған іс-шараға басқармасының өкілдері ұйымшылдықпен қатысып, қала тұрғындарына үлгі көрсетті.
«Сенбіліктің басты мақсаты – Шымкенттің әрбір көшесі мен аумағының таза, жайлы әрі әсем болуына атсалысу. Әлеуметтік сала қызметкерлері алдағы уақытта да қаланы көркейту іс-шараларына белсенді қатысады. Осындай сенбіліктер арқылы қала тазалығын қамтамасыз етумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениетті арттыруға ықпал ететін болады», - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлері.
Бұдан бөлек, Шымкент қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы да «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Акция барысында мекеме қызметкерлері Т.Айбергенов көшесінің бойындағы ирригациялық арықтар мен тұрғын үй аулаларын, жолдарды қоқыстан тазартты.
Мекеме мамандары бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарды.