Жас жауынгерлер қарттарға құрмет көрсетті

Oinet.kz 06-10-2025 50

Ұлттық салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіру бүгінгі күні Қарулы күштер құрылымдарында да жақсы қолға алынып келеді.

Screenshot_28.jpg

Қалай десек те әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік білім танымдық рөлі зор. 

Мәселен, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласындағы №35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері Шымкент қаласындағы №10 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қазыналы қарттарымызға мейірім шуағын сыйлады. Аталған орталықта қазіргі таңда 70-ке жуық қарт тұрады.

Бұл іс-шараға әскери қызметшілердің отбасы мүшелері де белсенді қатысты. Аталған әскери бөлімнің әйелдер ұжымы, жетекшісі Жамал Төлепбергенқызының айтуынша, аталған іс-шараның басты мақсаты – егде жастағы азаматтарға қамқорлық пен көңіл бөлу, қоғамдағы өз орнын сезіндіру және рухани қолдау көрсету.

– Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің жастарын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді қасиеттерді бойларына сіңіруді бүгінгі іс-шара аясында көздеп отырмыз. Жалпы біз қартына қамқор болатын ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ жаман болмаймыз. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондықтан ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы мектепте қалыптасатын болса, әскери өмірде бұл құндылықтарды осындай игі іс-шаралармен жалғастырып, дамыту біздің міндетіміз. Осы іс-шараға атсалысқан жауынгерлер мен олардың ата-аналарына алғысым шексіз, – дейді ол. 

Іс-шара аясында қарияларға арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, концерттік қойылымдар ұсынылды. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен музыкалық нөмірлер орындалып, құттықтау сөздер мен ізгі тілектер айтылды. Атап айтқанда, әскери психолог Сақайқызы Аиданың қызы ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сөз кезегінде іс-шараның бастамашысы – әскери бөлімнің әйелдер ұжымы, жетекшісі Жамал Төлепбергенқызы бұл игі бастама бөлім командованиесінің қолдауымен жүзеге асырылғанын атап өтті. Бұл күн қарттарға қуаныш пен мейірім сыйлап, әскери бөлім мен қоғам арасындағы әлеуметтік ынтымақтастықты нығайта түсті.

​Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны
Ұлттың мәдениеті мен өркениетінің өркендеуіне үлес қосқан тұлға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу