Жастардың жарқын болашағы – стратегиялық дамудың негізі

Oinet.kz 29-09-2025 130

Қазақстан жан-жақты және түбегейлі реформалардың нәтижесінде дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Алда қарқынды әрі жүйелі жұмыс күтіп тұр. Осы бағытта біз айқын бағдарымыздан айнымай, нық қадаммен алға жылжуымыз қажет.

Screenshot_1.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мен жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттыруға бағытталған. Бұл — стратегиялық бағдарламамыздың негізгі басымдығы.

Сонымен қатар, ғылым мен білімге ұмтылған, ел игілігі мен жердің көркеюіне атсалысатын жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Қолға алынған барлық ауқымды бастамалар мен жобалар ең алдымен жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған.

Жасанды интеллект тек өндіріс пен экономиканы емес, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік басқару жүйесін де түбегейлі өзгертуде. Сондықтан да Қазақстан үшін бұл үрдістен шет қалмау — болашаққа ұмтылудың басты шарты. Президент Жолдауында айтылғандай, цифрландыру мен жасанды интеллект елдің тұрақты дамуының, әділ экономика мен тиімді басқарудың тірегіне айналуы тиіс.

Жасанды интеллектті тиімді енгізу еліміздегі еңбек өнімділігін арттырып, инновациялық экожүйенің қалыптасуына жол ашады. Мәселен, білім саласында жасанды интеллект әр оқушының қабілетін жеке талдап, жеке оқу бағдарламасын ұсынуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау жүйесінде ауруларды ерте анықтауға және дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге сеп болады. Ал ауыл шаруашылығында «ақылды» технологиялар өнімділікті арттырып, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға жағдай туғызады.

Сонымен қатар, цифрландыру – мемлекеттік басқару сапасын көтерудің ең тиімді жолы. Электронды үкімет, ашық деректер мен цифрлық қызметтер азаматтар мен билік арасындағы сенімді нығайтып, жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Бұл өз кезегінде қоғамның әлеуметтік әділеттілікке деген сенімін күшейтеді.

Шымкенттіктерді қандай мерекелік шаралар күтеді?
Шымкентте Smart City технологиялары мен әуежай инфрақұрылымы дамуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу