Шымкентте Smart City технологиялары мен әуежай инфрақұрылымы дамуда

Oinet.kz 01-10-2025 127

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлеу тапсырылды.

1000483358.jpg

Бұл құжат аясында барлық бастамалар мен жобалар жалпыұлттық стратегиямен үйлестіріледі.

Шымкент қаласы халықаралық деңгейде «Dahua Technology», «HikVision» және басқа да smart city, қауіпсіздік және цифрландыру саласындағы жетекші компаниялармен өзара тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісім қала инфрақұрылымына жаңа технологияларды енгізуге серпін береді.

Сонымен қатар, әуемен жүк тасымалдау саласына ерекше көңіл бөлінуде. Президент Тоқаевтың Жолдауында бұл саладағы ахуалдың жақсарып келе жатқаны және оның көлемін арттыруға мол мүмкіндік бар екені атап өтілді. Шымкенттің әуежайына KZ/RA3/00004-01 бірегей тіркеу нөмірі беріліп, ресми түрде Еуропаның RA3 деректер базасына енгізілді. Бұл мәртебе әуежайға Еуропа елдеріне тікелей жүк тасымалдауды транзиттік бекеттерде қосымша тексерусіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Шымкент халықаралық транзиттік хаб ретінде аймақтың логистикалық орталығына айналуда. Осы тұрғыда әуежай инфрақұрылымын дамыту ерекше мәнге ие. Жаңа әуежай терминалы мен заманауи ұшу-қону жолағы туристер легін көбейтіп қана қоймай, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Бұл – өңір экономикасының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықаралық қатынастардың кеңеюіне жол ашады.

Шымкенттің Smart City жүйесі мен әуежай инфрақұрылымы өзара байланысты екі бағыт. Біріншісі – қаланың ішкі дамуын қамтамасыз етсе, екіншісі – сыртқы әлеммен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Осы екі бағытты қатар дамыту – мегаполистің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оны Орталық Азиядағы заманауи технологиялар мен инновация орталығына айналдырады.

Smart City және әуежай инфрақұрылымын дамыту – Шымкенттің келешегіне салынған инвестиция. Бұл тек технологиялық жетістік емес, сонымен қатар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, жасыл, қауіпсіз және ыңғайлы орта қалыптастырудың маңызды қадамы.

Жастардың жарқын болашағы – стратегиялық дамудың негізі
Шымкент – шежірелі тарихтың алтын ұясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу