Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншіліктен басталады

Oinet.kz 25-08-2025 34

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының «Біз біргеміз» достық лагері ұйымдастырған іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу, патриоттық рухты күшейту. 

Screenshot_27.jpg

Сондай-ақ Мемлекет басшысының нашақорлық, ойынқұмарлық, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық сынды әлеуметтік кеселдерден арылу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру.

Екі күнге жоспарланған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысты. Ал іш-шара Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ассамблея жастары» ұйымының ұйытқы болуымен «Красные скалы» демалыс аймағында өтті. 

Қатысушылар үшін Team Coaching, Career Coaching, Relationship Coaching, құқықтық сауаттылық және Life Coaching бағыттарында тәжірибелі мамандар дәрістер өткізді. Спикерлер қатарында «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев,  «AMANAT» партиясы ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары, жастар жанашыры Жандос Қалтаев, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Нариман Базарбаев, пікірсайысшы, жаттықтырушы Алмас Толықбаев, кәсіби профориентатор Сейдулла Исмаил болды.

«Патриоттық тәрбиенiң барлық жүйесiн ұйымдастырып, оның жұмыс iстеуiн және бақылауды қамтамасыз ететiн негiзгi институт мемлекет болып саналады. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу  Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективалы мемлекеттік жастар саясаты бағыттарының бірі болып табылады» деді өз сөзінде Жандос Қалтаев.

Ал өз кезегінде пікірсайысшы, жаттықтырушы Алмас Толықбаев, «Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Адамның бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриоттық құндылықтар тал бесіктен бойымызға сіңе бастайды. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет» деп атап өтті ол.  

Сонымен қатар, жастар Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспановпен кездесті. Спорт шебері жастарға салауатты өмір салтының мән-маңызын түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Оқу-ағарту әрі жастардың жалпыұлтық бірлік төңірегіне топтастыруды межелеген лагерь аясында спорттық ойындар, бампербол сайысы, өнер байқаулары мен топтық жұмыстар ұйымдастырылып, жастардың достығы мен ынтымағын арттыруға бағытталған іс-шаралармен өз жалғасын тапты.

Шымкентте ұлттық тағамдарды дайындауды жастар жаңа деңгейге көтеруде
Жастар «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу