«КІТАП time - 2025»: Оқы. Ойлан. Өзгер

Oinet.kz 21-09-2025 36

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «КІТАП time - 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Оқы. Ойлан. Өзгер» атты іс-шара өткізді. 

Screenshot_24.jpg

Іс-шараға Шымкенттегі зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде  «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда, жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады» - деп атап өткен болатын. 

Президент тарсырмасы аясында елімізде арнайы жоба басталды.  «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының Шымкент қаласындағы үйлестірушісі Ахан Сәбитұлы Бесбаев зияткерлік-ағартушылық жобаның мақсаты, талаптары туралы терең түсіндіріп берді. 

Салатанатты кеште кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова келген қонақтарды кітап меркесімен құттықтап, кітап фестивалі аясында өтіп жатқан шаралар күні бойына жалғасатыны жайлы айтты. Кітапхана қызметкрері А. Маматкулова: «Kitap Time» – рухани байлыққа жол ашатын жобалардың бірі. Кітап оқуды насихаттау арқылы ол тек білім мен мәдениетті ғана емес, сонымен бірге ойлау мәдениетін, сөз өнерін, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады. Мұндай жобалар қазіргі цифрлық дәуірде аса маңызды, себебі жастардың назарын пайдалы, жан дүниені байытатын дүниелерге бұрады деген пікірін жеткізді. 

Әс-шара аясында кітапхана қызметкерлері жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде таңдалып алынған 100 кітапты кітапханашылар талқылады.  А.Маматкулова Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы жайлы сол кездегі қоғам жайлы, кейіпкердің бастан кешкен оқиғалары туралы айтса, Г.Қайықбаева Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан үзінділер келтіріп, өз ойын әсерлі жеткізді. М.Джайлыбаева Д.Исабековтың «Қарғын» романы, А.Нұрбек Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Л.Қалтаева Т.Әлімқұловтың «Қараой», А.Қынатова А. Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздері, Ү.Алтынбекова Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», С.Байдуллаева И.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының жазылу тарихын айтып, өздері сүйіп оқыған кітаптарымен бөлісті.

Сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, әдеби мұраны бағалау және оқырман мен әдебиет арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған маңызды мәдени жобаны қолдап, әрбір қызметкер кітап мазмұнына терең үңіліп, өз әсерлерімен бөлісті. Бұл – тек кітап талқылау ғана емес, сонымен қатар ой бөлісу, әріптестер арасында өзара әдеби байланыс, жаңа көзқарастармен танысу, өзгеше отырыс болды.

«Ұлт руханиятының абызы»
Қазақ руханиятын әлемдік деңгейде танытған шымкенттік ғалым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу