Отбасы институты құндылығы насихатталды

Oinet.kz 20-09-2025 37

Отбасы — кез келген қоғамның ең кіші, әрі ең маңызды ұясы. Отбасында қалыптасқан құндылықтар бүкіл қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Ал жастар — ұлттық мәдениет пен дәстүрдің болашақ иелері. 

Screenshot_22.jpg

Олар отбасы арқылы өз ата-бабаларының салт-дәстүрін, тілін және құндылықтарын үйреніп, оны кейінгі ұрпақтарға жеткізуші болады. Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да өткен семинарда отбасылық құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды, отбасы институты туралы пікір алмасты.  Семинарды ұйымдастыруға ұйытқы болған Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы.

Шымкент қалалық жастар кеңесінің мүшесі, «Кітап оқитын ұлт» жобасының кеңсе жетекшісі Ақан Бесбаев жастарға қарым-қатынастағы сенім мен түсіністіктің рөлі туралы айта келіп, аталмыш жоба туралы түсіндірді. 

— Отбасы құндылығы — бұл отбасы мүшелерінің арасындағы сенім, махаббат, құрмет, жауапкершілік пен қолдау. Отбасы құндылықтары қоғамның негізі болып табылады, — дей келе: — Жоба халық арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында сауатты әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы ұлттық және отбасы құндылықтарын сақтауға арналады. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, ата-аналар, мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады, —деген Ақан Сәбитұлы жобаның шарттарымен, байқаудың жүлде қоры мен қатысу ережелерімен таныстырды. 

Оқу ордасының психологиялық қолдау орталығының басшысы Гүлнар Айтжанова қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету және отбасы қарым-қатынастарындағы қиындықтарды жеңудің жолдары туралы кеңес берді. «Тәрбие — талбесіктен» демекші, біздің барлық іс-әрекетіміз бен ішкі мәдениетіміз отбасыда қалыптасады. Бүгінде университетте жастарға қолдау көрсету мақсатында 5 психолог маман жұмыс істейді, өздеріңізді толғандырған сауалдар мен мәселелер бойынша сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз» деді Гүлнар Тұрмаханқызы. 

Жиынды Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев қорытындылап, студенттерге тыңдау мәдениеті, қоршаған ортада өзін ұстау, ұлттық құндылықтар мен үлкенді сыйлау қағидаттары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол жастардың өз тарихын біліп, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуінің маңыздылығын, сондай-ақ, үлкен буын өкілдеріне деген құрметтің қоғамдағы ізгі қарым-қатынастың негізі екенін жеткізді.

Жиын қорытындысында Анарбаев студенттерді білім алумен қатар, жан-жақты дамыған, саналы азамат болуға шақырды.

Ұлттық кимешек - той-мерекелер ғана сәні ме?
«Ұлт руханиятының абызы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу