Кітап оқу мәдениеті талқыланған көшпелі отырыс өтті

Oinet.kz 18-09-2025 45

17-18 қыркүйек күндері  Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы  әмбебап кітапханасында «Қазақстан кітапханалары: Кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында Қазақстан Кітапханалар Одағының (ҚКО) көшпелі отырысы өтті.

Screenshot_18.jpg

Іс-шараны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек құттықтау сөзімен ашып, қазіргі таңдағы кітапхана саласындағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан Кітапханалар Одағының төрағасы  Ғ.Қ.Нұрғалиева Қазақстан Кітапханалар Одағының жұмысының жаңа бағыттары жайлы сөз етсе, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры К.Қ.Сейітова кітапхана саласындағы заңнамадығы өзекті мәселелерге тоқталды. Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университеті,педагогика ғылымдарының кандидаты МАИН академигі  К.Т.Туенбаева қазіргі таңдағы  кітапхана мамандарын даярлау және олардың жетіспеушілігі жайлы «Кітапхана қызметкерлерін оқыту жүйелері: қиындықтар, мүмкіндіктер және озық тәжірибелер» атты өз баяндамасында тілге тиек етті. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының ақпараттық ресурстар және жастар саясаты жөніндегі орынбасары Н.Н.Жолдыбалинов жасанды интеллектінің кітапхана саласындағы рөлі және пайдалану жолдары туралы  «Кітапханалардың болашағы жасанды интеллект және автоматтандырылған шешімдер» атты зерттеуімен бөлісті.

Тәжірибе алмасу алаңында қазіргі заманауи кітапхана рессурстары мен қызметтеріне арналған түрлі секциялар жүмыс жасады: «Білімді жинақтай отырып, болашақты құру», «Нормативтік - құқықтық база бойынша  жұмыстар», «Оқитын Қазақстан». «Қазақстан Республикасында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларды дамытудың модульдік жоспары» , «Білім беру. Мамандық. Ынтымақтастық».

Бұл республикалық көшпелі отырысқа М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің Ақпараттық білім беру орталығының директоры И.Қ. Саурбаева және кітапхана қызметкерлері қатысты. 

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің Мұхтартану ғылыми зерттеу орталығының ғалымдары А.Қалшабек, Ә.Исабектің Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай шыққан жаңа құнды Абай. Кітабын оқу орнымыздың атынан  ҚР Ұлттық кітапханасына, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына сыйға тартты. 

Шара аясында тәжірибе алмасу, жаңа жобалармен танысу, саланың дамуындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Бұл басқосу – кітапханалардың заман талабына сай трансформациялануы мен оқырманға қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Бесік жырын айтатын аналар азайған жоқ
Үлкенді сыйлау әдебін қалай қалыптастырамыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу