Кітаппен тәрбиелеудің маңызы қандай?

Oinet.kz 17-09-2025 45

Шымкентте Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайда көтерген бастамасы аясында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы қолға алынады. 

Screenshot_13.jpg

Жобаның бас демеушісі – «Alaygom Electric Company», ал серіктестер қатарында Аmanat партиясы мен жергілікті әкімдіктер бар. Бағдарламалар тобының жетекшісі Бекарыстан Аманжолов «Қазақстан әлемдік кітап оқитын мемлекеттердің арасындағы рейтингі төмен ел. Қоғамды кітап оқуға ынталандыру арқылы осы көрсеткішті көтеріп, елді алғашқы ондыққа енгізгіміз келеді», дейді. Бұл жоба жастарға не береді? Сауалнама жүргізген болатынбыз? 

Әлия Әділбек, журналист: Шымкент қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасының таныстырылым өткенін естіп, жалпы қызығушылықпен талаптарымен танысып шықтым. Расында қазіргі жас ұрпақ үшін нағыз керекті жоба және бұл қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған маңызды жоба деп ойлаймын. Бұл бастама тек кітапты насихаттау ғана емес, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың, жастардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, рухани байлығын дамытудың нақты құралы болып саналады. Бір ерекшелігі жоба жалпыхалықтық сипаты бар, оқушылардан бастап, мекемелерге дейін белсенділікпен қатысуға үндейді, кітап оқытып ғана қоймайды, бірлесе жұмыс жасауға жұмылдырады.

Расул Мухамедұлы, №18 жалпы білім беретін мектеп оқушысы: «Кітап оқитын әулет» деген санаты бар екен. Анам – мектепте ұстаз. Осы бағыт бойынша қатысуға ниет білдіріп отырмыз. 

Индира Қобланқызы, Ақпараттық білім беру орталығының басшысы: Кітап оқитын ұлт» – болашағы жарқын елдің кепілі. Бұл жоба — тек оқу мәдениетін насихаттау емес, ол — ұлттық болмысымызды, ойлау жүйемізді, рухани байлығымызды жаңғыртудың басты тетігі. Жастарды кітаппен тәрбиелеу — ел болашағын жарқын етудің ең тиімді жолы. Жоба аясында «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын педагог» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» деген санаттар бар. Яғни жоба арқылы бүкіл қала тұрғындарынан бастап мектеп, университет мекемелер атсалысады. Бұл қоғамның әр қабатын кітап оқу мәдениетіне тарту, оқырман қауымның белсенділігін арттырады. Яғни, жоба тек білім беру мекемелерін ғана емес, бүкіл қала тұрғындарын, отбасыларды, педагогтар мен мемлекеттік қызметкерлерді де қамтып отыр. Осы арқылы оқырманның қоғам қалыптастыруда, ұрпақ тәрбиесінде кітаптың маңызын арттыруда, рухани жаңғыруды тереңдетудегі маңызы орасан. 

Шымкентте бюджет дербестігі артып келеді
«Абай мұрасын зерттеу – ұлт болашағына қызмет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу