Шымкентте бюджет дербестігі артып келеді

Oinet.kz 26-09-2025 93

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында салықтан түскен әр теңге халық игілігіне жұмсалуы тиіс екенін атап өтті. 

Screenshot_12.jpg

Бұл қағидат — азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді, инфрақұрылымды дамыту мен мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Осы бағытта Шымкент қаласының бюджет түсімдері жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Соңғы екі жылдың ішінде қала қазынасы 130 млрд теңгеге артып, 473 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар, бюджет дербестігі 46%-дан 56%-ға көтерілді.

2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 72%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл қадамдар жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтып, қаржылық тәуелсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржы саясатына, соның ішінде бюджет жүйесінің тиімділігіне тікелей байланысты. Бюджет – мемлекеттің басты қаржы құралы болса, бюджет дербестігі – аймақтар мен жергілікті басқару органдарының өз қажеттіліктерін өз бетінше жоспарлап, қаржысын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін маңызды тетік.

Бюджет дербестігі ең алдымен аймақтардың өзін-өзі басқару қабілетін арттырады. Егер жергілікті билікке салық жинау, қаржы бөлу, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру сияқты өкілеттіктер берілсе, онда әр өңір өз әлеуетін тиімді пайдаланып, нақты қажеттіліктеріне сай шешім қабылдай алады. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын көтеруге және аймақтардың теңгерімді дамуына жол ашады.

Сонымен қатар, бюджет дербестігі – жауапкершілікті күшейтудің де бір жолы. Қаржылық еркіндікке ие болған аймақ өз қаражатын дұрыс жоспарлап, ашық әрі тиімді жұмсауға міндетті болады. Бұл халықтың сенімін арттырып, қоғамда әділдік пен есеп берушілік мәдениетін қалыптастырады.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, бюджет дербестігі кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аймақтық инфрақұрылымды дамытуға зор серпін береді. Жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану арқылы ұлттық экономиканың жалпы қуаты артады.

Құрылыс саласында жаңа технологиялар енгізіледі
Кітаппен тәрбиелеудің маңызы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу