Ұлттық өнердің ұйытқысы – Бейісбековтер әулеті

Oinet.kz 17-09-2025 42

Шымкент қаласында Бейісбековтер әулетін танымайтын жан кемде-кем. Ұлттық өнерді дәріптеп, ата-бабадан қалған асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап келе жатқан бұл әулеттің әр мүшесі — он саусағынан өнер тамған нағыз шебер. 

Screenshot_9.jpg

Кілем мен алаша тоқу, тоқыма, ер-тұрман жасау, зергерлік, ұлттық киім тігу, қыштан бұйым жасау, сурет салу – бәрі де осы әулеттің күнделікті тіршілігіне айналған. Ұлт руханиятына сүбелі үлес қосып жүрген шеберлер әулеті бүгінде жастарды да ұлттық өнерге баулып, шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. Бейісбековтер әулеті — нағыз өнердің ордасы. Олардың еңбегі – тек қолөнер емес, рухани тәрбие, ұлттық сана мен мәдениетке құрметтің жарқын үлгісі. Ұлттық өнер ұлттың жаны десек, ҚР суретшілер одағының және қолөнершілер одағының мүшесі Болатбек Бейісбеков сол жанды тірілтіп жүрген ұлт жанашыры.

– Жалпы біз теміржолшылар отбасы болдық. Ал ата-баларымыз өте өнерлі жандар болған екен. Соның ішінде атамыз Оңтүстік өңірге танымал шебер болған деп жиі айтады. Алтыншы сыныптан бастап суретшілік өнерімді әкем байқады әрі дамытты. Әкем алғашқы ұстазым десем болады, - деп балалық шағынан естелік айтты. 

Шығармашылық пен қолөнер — бұл отбасы үшін өмір салтына айналған. Әр туындысында қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық нақышы, өрнекті ойы көрініс табады. Болатбек Бейісбеков пен оның отбасы — қазақтың көркем өнерін -бабадан Болатбек Бейісбековтің отбасында сегіз адам шығармашылықпен айналысады. Олар: Болатбек Бектасұлы Бейісбеков, Күләш Айдарбекова, Берік Болатбекұлы Бейісбеков, Мәдина Нұрланқызы Ахметова, Венера Болатбекқызы Бейісбекова, Ақбота Болатбекқызы Бейісбекова, Арайлым Болатбекқызы Бейісбекова, Нұрай Берікқызы Бейісбек. Үлкен шығарамшылық әулетте Қазақстан Суретшілер одағының жеті мүшесі, Қазақстан Қолөнершілер одағының бес мүшесі бар. Арғы ата-бабалары қолөнерімен айналысқан отбасының бүгінгі ұрпақтары ұлттық өнерімізді дәріптеуге сүбелі үлес қосып келеді.

– Отбасы мүшелерінің барлығы өнерлі. Болатбек Бейісбеков кескіндеме өнерімен айналысса, жары Күләш - гобелен тоқудың шебері әрі портрет жанрының майталманы. Ал ұлы Берік былғарыны өңдеудің қыр-сырын меңгеріп алған, теріге тіл бітірген хас таланттың өзі. Зергерлік өнері де бар. Ол кәсіп ғана жасамайды, ұлттық өнерді жан-тәнімен жақсы көреді. Олардың отбасы өнерді туғызған жоқ, қайта жаңғыртып жатыр. Сол арқылы жастарға жол көрсетіп келеді, - дейді Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Сұлтан Илияев. 

Өнерлі шаңырақтың өнер орталығы қалыптасқан. Галереяда ұлттық киімдерден бөлек кәдесыйлар, ер тұрман, сөмкелер, әшекей бұйымдар көздің жауын алады. Мұндай өнегелі отбасылар — ел руханиятының тірегі, мәдениетіміздің қозғаушы күші екені сөзсіз.

«Шымкентте көкпар ойының көрермені көп»
Жас археологтар қазба жұмыстарына қатысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу